Қиыршық тас фракциялары (40*70мм)

Қиыршық тас фракциялары (40*70мм)

Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз жыныстардан қиыршық тас, фракцияланған, ГОСТ 8267-93.

Сипаттама

Көлемді-себілмелі массасы: 1340 кг/м3

Цена: 2800 тг/т. (ҚҚС есебімен)
Бағалар жеткізу бағасын есепке алмай көрсетілген. Жеткізу бағасы клиентпен бөлек талқыланады және ара қашықтыққа байланысты болады.

ТАПСЫРЫС БЕРУ

Қиыршықтастың негізгі қасиеттері

Бұл сипаттама — ең маңызды қасиеттердің бірі. Жалпақтық(Лещадтылық) деп қиыршық тас түйірлерінің пластиналық(жалпақ) және ине тәріздес формасын айтады. Бұл қалыңдығы немесе ені ұзындығынан үш есе аз түйірлер. Мұның қиыршық таста болуы қоспадағы түйірлер арасындағы бос жерлерді арттырады да, соның негізінде байланыстырушы компоненттің шығыны көбейеді және конструкцияның тұтастығына әсер етеді. Сондықтан қиыршық тастың жалпақтығы (лещадтылығы) неғұрлым төмен болса, сапасы соғұрлым жоғары болады.

 
  • МЕМСТ-қа сәйкес жалпақтығы(лещадтылығы) бойынша қиыршық тас былай жіктеледі:
  • І топ(жұмырланған) – 10% жалпақтыққа дейін;
  • ІІ топ (куб тәрізді) – 10–15%;
  • ІІІ топ (жақсартылған) – 15–25%;
  • IV топ(кәдімгі) – 25–35%.

радионуклидтердің жиынтық меншікті белсенділігінің көлеміне қарай қалай жіктелетінін білу керек.

 
  • І класс радиоактивтілік бойынша (370Бк/кг дейін) – құрылысқа арналған қиыршық тас.
  • ІІ класс(370–740 Бк/кг) – өнеркәсіптік және жол құрылысы үшін.
  • III класс (740–1350 Бк/кг) – өнеркәсіптік құрылыс, елді мекендерден тыс көлік құрылысы және егер 0,5 м кем емес топырақ қабатымен немесе басқа материалдан жабу қарастырылған болса, елді мекендердегі жол құрылысы үшін.

Бұл көрсеткіш қату және еру циклдарының санын анықтайды(ерітіндідегі күкірт қышқылды натрийдің қанықтылығы мен кебуі) Аязға төзімділігі бойынша қиыршық тас келесі маркаларға бөлінеді: F15, F25, F50, F100, F150, F200, F300, F400. Құрылыс үшін 200–400 циклды аязға төзімділік маркалы қиыршықтас қолданылады.

Қиыршық тас беріктігі – бұл оның механикалық әсерлерге қарсы тұра алуы.

 
  • Оны келесі көрсеткіштер анықтайды:
  • Тау жыныстарының шегі;
  • Цилиндрде сығу кезіндегі қиыршықтастың уатылғыштығы;
  • сөрелік барабанда тозуы.
 
  • Қиыршық тас беріктігі бойынша мына топтарға бөлінеді:
  • М1200–1400 — жоғарыберіктік;
  • М800–1200 — беріктік;
  • М600–800 — орта беріктік;
  • М300–600 – әлсіз беріктік;
  • М200 — өте әлсіз беріктік.