Компания туралы

icon images

"TASQAZ COMPANY" ЖШС-і автожолдар құрылысы мен бетон өндірісі үшін қажетті шақпатас, ұсақталған құм, шақпатасты-қиыршықтасты қоспа өндіреді және жеткізеді. Компанияның қолданыстағы карьерлері Алматы және Астана аймақтарында орналасқан. Алматы облысында өндірістік қуаттылығы жылына 600 мың тонна болатын құм карьері бар. Ақмола облысында, Астанаға жақын жерде өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын қиыршық тас карьері орналасқан. Біздегі қиыршықтас бірегей қасиеттерге ие: 1200 кг/м3 беріктіктегі көлемдік салмағы- 1300 кг/м3. Бұндай көрсеткіштермен көп қабатты ғимараттар құрылысы кезінде іргетасқа түсетін жүктемесі аз шағын көлемді салмағы бар жоғары маркалы бетон өндіру мүмкіндігі пайда болады.

БІЗ ТУРАЛЫ ВИДЕО ҚАРАҢЫЗ image

ТАРИХЫ

Біздің команда құрылыс материалдары нарығында 2011 жылдан бері жұмыс жасап келеді, жыл сайын Нұр-Сұлтан қ. мен Ақмола облысының құрылыс алаңдарына 500 мың тоннаға дейін инертті материалдар жеткізіп отыр.

КЛИЕНТТЕР

Құрылыс компанияларымен қатар жеке тұлғалар да біздің клиенттеріміз болып табылады. Біз әрбір сатып алушыны бағалаймыз және Сізбен өзара тиімді ұзақ мерзімді негізде жұмыс жасаймыз, екі жақты тұрақты даму мен табысты бизнестің оңтайлы шарттарын таңдаймыз.

offer img

СЕРТИФИКАТТАУ

Шығарылатын өнім «Қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС-інде сертификатталған және белгіленген халықаралық стандарттарға, сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. "TASQAZ COMPANY" ЖШС-інде өндірілетін барлық өнім күнделікті зертханалық бақылаудан өтеді, сондай-ақ тәуелсіз зертханаларда кезеңдік сынақтардан өтіп отырады.

Біздің жабдықтар

Біздің компания сапа бойынша жоғары көрсеткіштерге, ең бастысы, қиыршықтас сапасының тұрақтылығы бойынша көрсеткіштерге еуропалық жабдықтар мен халықаралық стандарттармен жұмыс жасаудың нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Біздің өнім Sandvik және Metso швед жабдығында өндіріледі. Біздің карьердің тас беріктігі аймақтағы ең үздігі болып табылады және 1200+ құрайды.

ҰСЫНЫМДАР МЕН ПІКІРЛЕР

Клиенттеріміздің пікірлері – бұл біздің қызметіміз бен тауарларымыздың сапа бағасының ең үздік критерийі. Біз сіздердің сенімдеріңізді жоғары бағалаймыз және талап-тілектеріңізге әрқашан мұқият ден қоямыз.

Біз бұл компанияны кәсіби және сенімді жеткізуші ретінде ұсынамыз.

ЖК

"Авто-База"

Біз аталған компания жұмысына қанағаттанамыз және сізге ұсынуға дайынбыз

ЖШС

"АстанаСтройМонтажИнжиниринг"

Компания бірде-бір рет мерзімді бұзған емес, өзін сенімді серіктес ретінде танытты

ЖШС

"Бетон ПВ"

Бұл, ең күрделі мәселелерді шешуді сеніп тапсыруға болатын компания

ЖШС

"Агропромгражстрой"

10 жыл

Нарықта

11 түрі

Инертті материалдардың

1 200 000+ м³

Инертті материал жеткізілді

100+

Риза клиенттер